Еңбек сіңірген жұмысшыларды құттықтау және марапаттау

IconЖарияланды 28.08.2020

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев «Қазгидромет» РМК жұмысшыларын марапаттады! Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеу құрметіне, сондай-ақ экология, геология және табиғи ресурстар саласын дамытуға сіңірген еңбегі мен қосқан үлесі үшін «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалімен «Қазгидромет» РМК Бас директоры Данара Қизатқызы Алимбаева, еңбек сіңірген жұмысшылар Наталья Ивановна Ивкина, Ирина Владимировна Веревкина, Жанат Байбатшақызы Куджибаева марапатталды.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Құрмет грамоталарымен: Махамбет Арыстанұлы Үмбетбаев, Талғат Туғанбекұлы Баухаев, Светлана Николаевна Мордвинова марапатталды.

Бүгін ҚР Конституциясы күніне орай, «Қазгидромет» РМК Бас директоры Данара Қизатқызы Алимбаева гидрометеорологиялық қызмет мамандарының жақсы жұмысын атап өтіп, алғыс хаттармен және грамоталармен құттықтады.

Әріптестерді Конституция күнімен құттықтаймыз және Қазақстанның игілігі үшін одан әрі табысты жұмыс тілейміз!

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз