Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Кең циклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды. Осыған байланысты қар, боран, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, таулы аймақтарда боран күтіледі. 18 желтоқсанға арналған болжам бойынша қарлы жауын-шашын күшейеді.
Республиканың басым бөлігінде желдің екпіні 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с күтіледі. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы сағаттарда тұман болуы ықтимал.
Ауа температурасы да өзгеріске ұшырайды:
Елдің батыс өңірлерінде түнде температура -3…-18°С-тан -0…-5°С-қа дейін көтеріледі, күндіз негізгі фон -5°С…+3°С болады.
Солтүстік-батыс аймақтарда түнде температура -7…-23°С-тан -0…-15°С-қа дейін, күндіз -3…-15°С-тен -0…-5°С-қа дейін өзгереді.
Солтүстік және орталық өңірлерде түнде -15…-23°С-тан -5…-15°С-қа дейін, күндіз -10…-18°С-тен -3…-8°С-қа дейін болады.
Шығыс өңірлерде түнде -12…-28°С-тан -7…-20°С-қа дейін, күндіз -7…-18°С-тен -5…-15°С-қа дейін күтіледі.
Елдің оңтүстігінде түнде -3…-20°С-тан -3…-12°С-қа дейін, күндіз негізгі фон -0…-8°С болады.
Оңтүстік-шығыста түнде және күндіз негізгі температуралық фон 0…-5°С, таулы аймақтарда -8…-13°С құрайды.