Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Алдағы үш тәулік ішінде Қазақстан аумағында ауа райының күрт өзгерістері мен құбылмалылығы күтіледі. Республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғады, ал еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында қалың қар күтіледі. Батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болжанады, ал Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қатты қар жауады.
Ел аумағында тұман, көктайғақ, сондай-ақ желдің күшеюі күтіледі.
Температуралық фонға келсек, солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы 0–5 градустан 18–30 градус аязға дейін күрт ауытқиды, ал Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 33–35 градусқа дейін аяз күтіледі. Елдің қалған аумағында ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.