Қар мен Аяз

IconЖарияланды 22.12.2025

Алдағы бірнеше күнде Қазақстан аумағындағы ауа райын батыстан шығысқа қарай жылдам ығысатын циклон қалыптастырады. Ол өзімен бірге қар, бұрқасын, желдің күшеюін, ал батыс өңірлерде көктайғақ құбылыстарын алып келеді.

Алайда 25 желтоқсанда циклонның орнын суық ауа массасының басып кіруі алмастырады. Соның салдарынан түнгі уақытта елдің батысында ауа температурасы 20–25 градус аязға, ал солтүстігінде 23–28 градус аязға дейін төмендейді.

Тек республиканың оңтүстігінде салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады, күндізгі уақытта ауа температурасы 2–7 градус жылуға дейін көтеріледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз