Каспий теңізі Еуразия құрлығының екі бөлігі — Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасқан. Пішіні бойынша теңіз латынның S әрпіне ұқсайды. Каспий теңізінде жалпы ауданы шамамен 350 шаршы шақырым болатын 50-ге жуық ірі және орта аралдар бар.
«Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізі деңгейінің болжамын жасайды. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғары белгі минус 27,64 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,33 дейін төмендеп, минус 27,91 м белгісі шамасында болады деп күтілуде.
Каспий теңізінің орта бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғары белгіге минус 28,05 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,05 м дейін төмендеп, минус 28,24 м белгісі шамасында болады деп күтілуде.
2020 жылғы 20-26 тамыз аралығындағы кезеңде Каспий теңізінің су бетінің нақты жай-күйі алдыңғы апталық болжамға сәйкес келеді.
Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2020 жылғы 24 тамыздағы ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті.
Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның https://www.kazhydromet.kz/kaspiyskoe-more/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya-poverhnosti-kaspiyskogo-morya сайтында ұсынылған.