Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Алдағы күндері Қазақстан Республикасының аумағындағы ауа райы Атлантика аймақтарынан жылжып келе жатқан циклон мен белсенді атмосфералық фронттардың ықпалында қалыптасады. Ол қар, ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынды, боранды және желдің күшеюін алып келеді.
Циклон ел аумағы арқылы ілгерілеген сайын, территорияның едәуір бөлігіне жылырақ ауа массаларының енуі басталады, соның нәтижесінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: түнгі уақытта орталық және шығыс өңірлерде -5…-18°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста -2…-7°С-қа дейін, таулы аудандарда -7…-15°С-қа дейін көтеріледі.
Солтүстік облыстарда түнгі ауа температурасы -20…-35°С шамасында болып, аязды ауа райы сақталады. Сонымен қатар, құрамында суық арктикалық ауа шоғырланған антициклон жотасы елдің батыс өңірлеріне таралып, түнгі уақытта ауа температурасының -15…-30°С-қа дейін, ал солтүстік-батыста -20…-35°С-қа дейін төмендеуіне себеп болады.