Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымагистранттары "Қазгидромет" РМК кәсіпорнына танысу сапарымен барды

IconЖарияланды 19.02.2026

Экскурсия барысында қонақтар ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің қалыптасу тарихымен танысты. Мамандар еліміз аумағында алғашқы метеостанцияның қашан ашылғаны, бақылау желісінің қалай қалыптасқаны және бүгінде Қазақстан бойынша қанша метеорологиялық станция жұмыс істейтіні туралы айтып берді. Магистранттар ауа райы мен климатты мониторингтеу жүйесінің уақыт өте келе қалай дамығанын білді.

Сапар аясында ғылыми-зерттеу орталығының жұмысына ерекше назар аударылды. Кәсіпорын қызметкерлері Каспий теңізінің жағдайын зерттеу қалай жүргізілетінін, Қазақстанның су ресурстарын бағалау және климаттық өзгерістерді мониторингтеу жұмыстары туралы баяндады.

Сонымен қатар, магистранттар Гидрометорталыққа барып, ауа райы болжамдарын дайындау үдерісімен танысты. Олар мамандардың келіп түсетін ақпаратты қалай талдайтынын, сандық модельдермен қалай жұмыс істейтінін және кешенді деректер негізінде қысқа мерзімді әрі ұзақ мерзімді болжамдарды қалай қалыптастыратынын көрді.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Болашақ мемлекеттік қызметшілер гидрометеорология саласындағы заманауи сын-қатерлер мен саланың даму болашағы жөнінде бірқатар сұрақтар қойды. Мұндай кездесулер климат, су ресурстары және орнықты даму мәселелеріне кәсіби қызығушылықтың артуына ықпал етеді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз