Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
"Қазгидромет" РМК Гидрология департаментінің директоры Серікбай Нұрғалым Тәжібайұлы кенеттен болатын су тасқындарын ерте ескерту жүйесі (Flash Flood Guidance System — FFGS) бойынша нұсқаушыларды даярлауға арналған халықаралық семинарға қатысты.
Семинар World Meteorological Organization (WMO) тапсырмасы негізінде ұйымдастырылып, India Meteorological Department (IMD) тарапынан Үндістан Үкіметінің Жер туралы ғылымдар министрлігі жанында өткізілді. Іс-шара 2026 жылғы 18–20 ақпан аралығында Нью-Делиде өтті.
Семинар жұмысына бағдарламаға қатысушы елдердің сертификатталған FFGS нұсқаушылары қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – мамандардың біліктілігін арттыру, кенеттен болатын су тасқындары туралы ерте ескерту жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ гидрологиялық тәуекелдерді болжау мен бағалаудың заманауи құралдарын талқылау болды.
Бағдарлама аясында FFGS жүйесін қолданудың практикалық аспектілері, гидрометеорологиялық деректерді талдау әдістері және кенеттен болатын су тасқындарына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды.
Казгидромет өкілінің бұл халықаралық семинарға қатысуы шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға және кенеттен болатын су тасқындарын болжаудың заманауи тәсілдерімен танысуға мүмкіндік берді. Алынған білім мен практикалық тәжірибе Қазақстандағы гидрологиялық мониторинг пен қауіпті табиғи құбылыстар туралы ерте ескерту жүйесін одан әрі жетілдіруде пайдаланылатын болады.