Қазақстан бойынша 2026 жылғы 26-28 ақпанға арналған ауа райы болжамы

IconЖарияланды 25.02.2026

Кең ауқымды аязды антициклон Қазақстанның басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды, температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанады. Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын мол болуы мүмкін, негізінен жаңбыр түрінде. Сондай-ақ жел күшейіп, көктайғақ құбылыстары байқалады.

Кезеңнің соңында оңтүстік облыстарда ауа температурасы түнде 10–17 градус аязға дейін төмендейді, Түркістан облысында 2–10 градус аяз болады. Күндіз 2–12 градус аяз, ал Түркістан облысында 2–7 градус жылы күтіледі.

Республика бойынша тұман күтіледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз