Суық демалыс

IconЖарияланды 27.02.2026

Күнтізбе бойынша көктем жақындағанымен, қыс өз орнын оңайлықпен босатар емес. Ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне ықпалын сақтап, жауын-шашынсыз аязды ауа райын ұстап тұр.

Тек 2 наурыздан бастап еліміздің батыс өңірлеріне циклон жылжи бастайды. Соның әсерінен қар жауып, боран соғады, ал оңтүстік аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Желдің күшеюі және ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз