Қазақстан бойынша 2026 жылғы 05–07 наурызға арналған ауа райы болжамы

IconЖарияланды 04.03.2026

Күнтізбелік көктемнің басталуына байланысты Қазақстан аумағындағы ауа райы солтүстік-батыс циклондар сериясының ықпалында қалыптасады.

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 05–06 наурызда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман күтіледі, солтүстік өңірлерде боран болжанады.

Елдің оңтүстігінде күндізгі ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз