ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК AirKZ пайдаланушылары үшін деректер желісінің кеңеюі туралы хабарлайды. 2020 жылғы 2 қыркүйектен бастап ҚР ЭГТРМ министрі М.Мырзағалиевтің тапсырмасын орындау үшін AirKz мобильді қосымшасында Атырау қ. «АМӨЗ» ЖШС атмосфералық ауа сапасының төрт автоматты станциясынан (Перетаска, Мирный, Пропарка және Химпоселок) деректер қолжетімді. Бұрын бекеттерден ақпарат халыққа қол жетімді емес еді. Сондай-ақ, қазір осы бекеттерден деректерді Атырау қаласының LED экрандарында көрсету мәселесі пысықталуда.