2026 жылғы 7–9 наурызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы

IconЖарияланды 06.03.2026

Мерекелік демалыс күндері қарсаңында Қазақстан аумағында наурыз айына тән құбылмалы ауа райы күтіледі. Циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің көптеген өңірлерінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болады. Солтүстік пен солтүстік-батыста кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал еліміздің оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман болжанады, солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын, ал оңтүстікте найзағай болуы мүмкін.

Соңғы күндері байқалған ауа температурасының едәуір жоғарылауынан кейін, болжамды кезеңнің соңына қарай еліміздің батысы мен солтүстік-батысына қайтадан арктикалық суық ауа массалары таралады. Соның әсерінен түнгі уақытта батыста ауа температурасы 5–15 градус аязға дейін, ал солтүстік-батыс пен шеткі солтүстікте 15–25 градус аязға дейін төмендейді. Ал еліміздің оңтүстігі мен шығысында, керісінше, ауа температурасы одан әрі жоғарылап, көктемнің жылы лебі сезіледі.

11 наурыздан бастап ауа температурасының төмендеуі елдің орталығы мен шығысында да күтіледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз