Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Касым-Жомарт Токаев және Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «Қазгидромет» РМК қызметкерлерін көпжылдық адал еңбегі мен елдің гидрометеорологиялық қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін атап өтті.
Абай облысындағы «Бақты» метеорологиялық станциясының бастығы Битимчинова Айгүл Уақасқызы мемлекеттік награда — «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды. Марапатты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Токаев табыстады. Айгүл Уақасқызы гидрометеорологиялық қызмет жүйесіне 37 жылдан астам уақытын арнап, жоғары кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығын көрсетіп келеді.
Сондай-ақ, сала дамуына қосқан елеулі үлесі мен көпжылдық еңбегі үшін Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «Қазгидромет» РМК Гидрометорталығының директоры Шмидт Марина Эвальдовнаны «Еңбек ардагері» медалімен марапаттады. Ол Қазгидромет жүйесінде 39 жылдан астам уақыт еңбек етіп, қызметтің ең тәжірибелі мамандарының бірі болып табылады.