Жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының көтерілуі

IconЖарияланды 13.03.2026

Кең ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне жылы әрі құрғақ ауа райын әкеледі. Тек елдің солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, желдің күшеюі және бұрқасын күтіледі. Республика бойынша тұман болуы ықтимал.

Күндіз ауа температурасы елдің батысы мен оңтүстігінде +3…+15°С-қа дейін көтеріледі. Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде –2°С-тан +5°С-қа дейін болады.

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз