Температураның одан әрі көтерілуі

IconЖарияланды 18.03.2026

Алдағы үш тәулікте антициклон жайлы көктемгі ауа райымен қуанта береді. Қазақстан Республикасының басым бөлігінде құрғақ әрі шуақты ауа райы сақталып, бұл ауа температурасының одан әрі көтерілуіне оң әсерін тигізеді. Тек кейбір күндері елдің солтүстігінде, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, желдің күшеюі күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде +10…+20°С-қа дейін, солтүстікте және орталықта +5…+17°С-қа дейін, ал оңтүстікте +15…+23°С-қа дейін көтеріледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз