Қазақстан бойынша 2026 жылғы 24–26 наурызға арналған ауа райы болжамы

IconЖарияланды 23.03.2026

Елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, сондай-ақ кейбір күндері солтүстік пен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Жауын-шашын (жаңбыр және қар түрінде) күтіледі, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын болжанады. Күндіз батыс пен оңтүстікте найзағай, шаңды дауыл, желдің күшеюі байқалады. Республика бойынша тұман түсіп, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ сақталады.

Ауа температурасы күндіз батыста +13…+23°C-қа дейін, солтүстік пен шығыста +9…+14°C-қа дейін, орталықта +10…+22°C-қа дейін, оңтүстікте +18…+28°C-қа дейін, ал оңтүстік-шығыста +12…+22°C-қа дейін көтеріледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз