2026 жылғы 28–30 наурызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы

IconЖарияланды 27.03.2026

Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, нағыз жылы көктемгі ауа райы күтіледі. Тек батыс өңірлерде және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында кейбір күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағаймен бірге жаңбыр жаууы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде тұман түсуі күтіледі.

Күндізгі ауа температурасы:

  • батыста +18…+27°С дейін,
  • солтүстікте +10…+17°С дейін,
  • орталықта +15…+25°С дейін,
  • шығыста +12…+20°С дейін,
  • оңтүстікте +23…+30°С дейін жылынады,
    ал оңтүстік-батыста температура сәл төмендеп, +13…+20°С шамасында болады.
Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз