Қазақстан бойынша 2026 жылғы 2–4 сәуірге арналған ауа райы болжамы

IconЖарияланды 01.04.2026

Кезеңнің басында еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз, жылы көктемгі ауа райы сақталады. Ал батыс өңірлерге оңтүстік циклон әсер етіп, тұрақсыз ауа райын қалыптастырады. Циклон шығысқа қарай жылжыған сайын, солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда найзағайлы жаңбыр жауып, кей уақытта нөсер жаңбыр күтіледі. Жел күшейеді, күндіз солтүстік-батыста бұршақ пен екпінді жел болуы мүмкін. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.

Күндіз ауа температурасы:
солтүстік-батыс пен солтүстікте +15…+25°С-тан +12…+20°С-қа дейін төмендейді,
оңтүстікте +27…+32°С-тан +18…+25°С-қа дейін төмендейді,
батыста +13…+20°С-тан +18…+25°С-қа дейін жоғарылайды,
шығыста +18…+26°С-қа дейін көтеріледі,
орталықта +15…+25°С шамасында сақталады,
оңтүстік-шығыста +25…+30°С болады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз