«Қазгидромет» РМК метеорологиялық құралдар туралы тұрақты айдарда бүгін Газталдағыш туралы айтады.

IconЖарияланды 02.09.2020

Газталдағыш — газ қоспаларының  сапалық және сандық құрамын анықтауға арналған аспап. Қолмен жұмыс істейтін және автоматты газталдағыштар бар. Алғашқылардың ішінде газ қоспасының компоненттері әр түрлі реагенттермен дәйекті түрде сіңірілетін абсорбциялық газталдағыштары жиі кездеседі. Автоматты газталдағыштар газ қоспасының немесе оның жеке компоненттерінің қандай да бір физикалық немесе физика-химиялық сипаттамаларын үздіксіз өлшейді.

«Қазгидромет» РМК газталдағыштарды экологиялық мониторинг саласында ауаны талдау үшін: көміртегі оксиді (СО), азот оксиді (NO), азот диоксиді (NO2), күкіртті ангидрид (SO2), күкіртті сутек (Н2Ѕ), озон (О3), аммиак (NH3) және атмосфералық ауадағы көмірсутектер құрамын анықтау мақсатында пайдаланады.

Газталдағыштарды қолдану саласы – экологиялық мониторинг және бақылау мақсатында ластаушы заттардың құрамын бақылау.

#100летКазгидромет

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз