«Қазгидромет» РМК Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның Бас хатшысы Селеста Саулоның қатысуымен Азия елдерінің ұлттық гидрометеорологиялық қызметтері өкілдерімен көпжақты кездесулер ұйымдастырды

IconЖарияланды 24.04.2026

«Қазгидромет» РМК Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның Бас хатшысы Селеста Саулоның қатысуымен Азия елдерінің ұлттық гидрометеорологиялық қызметтері өкілдерімен көпжақты кездесулер ұйымдастырды.

Кездесулер барысында қатысушылар гидрометеорологиялық қызметті дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, климаттың өзгеруін мониторингтеу, болжау жүйелерін жетілдіру және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелеріне назар аударылды. Сонымен қатар деректермен алмасу, заманауи технологияларды енгізу және ұлттық қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелері қарастырылды.

Тараптар өңірлік ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен жобаларды іске асыру және қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардың алдын алу саласындағы күш-жігерді үйлестіру перспективаларын да талқылады.

Кездесулер қорытындысы бойынша қатысушылар тұрақты диалогтың маңыздылығын атап өтіп, өңір елдерінің климаттық тәуекелдерге төзімділігін арттыруға және халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендерін білдірді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз