«Қазгидромет» РМК Қазақстанның таулы аумақтарында жауын-шашыннан туындайтын сел қаупіне жыл сайынғы мониторинг жүргізуді бастайды

IconЖарияланды 30.04.2026

1 мамыр мен 30 қыркүйек аралығында «Қазгидромет» РМК Қазақстанның таулы аумақтарында жауын-шашыннан туындайтын сел қаупіне мониторинг жүргізеді.

Осы кезеңде келесі ақпараттық өнімдер шығарылатын болады:

  • Қазақстанның таулы аумақтары бойынша жауын-шашыннан туындайтын сел қаупінің күнделікті бюллетені;
  • жауын-шашыннан туындайтын селдерге қысқа мерзімді және аса қысқа мерзімді болжамдар;
  • дауылды ескертулер.

Ақпарат мемлекеттік органдар мен халыққа тарату арналары және интернет-портал арқылы ұсынылады, сондай-ақ «Қазгидромет» РМК ресми сайтында қолжетімді болады.

Селдің не екенін білмейтіндер үшін, әсіресе таулы және тау бөктеріндегі аумақтардың тұрғындарына, мұғалімдер мен оқушыларға «Сел тасқыны туралы сөз» атты ғылыми-деректі фильмді көруге кеңес береміз.

Аталған фильм Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің сценарийі негізінде «Қазақфильм» мамандары тарапынан Чемолған тәжірибелерін дайындау және өткізу барысында түсірілген. Бұл тәжірибелер әлемде алғаш рет 1972–1978 жылдары Қазақ ғылыми-зерттеу гидрометеорологиялық институтының сел ағындары бөлімімен жүргізілген.

Фильмді сілтеме арқылы көруге болады. https://shorturl.at/jnGry

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз