Өңірлік экологиялық саммит аясында «Қазгидромет» РМК мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға және кәсіби практиканы ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі шартқа қол қою рәсімі өтті

IconЖарияланды 22.04.2026

Келісімге әл-Фараби атындағы университет пен Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің басшылары қол қойды.

Меморандум ғылыми және білім беру салаларындағы ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді әріптестікті дамытуға бағытталған. Келісім аясында «Гидрология» және «Метеорология» мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттер «Қазгидромет» РМК базасында өндірістік практикадан өте алады.

Бұл болашақ мамандарға университетте алған теориялық білімдерін бекітіп қана қоймай, кәсіпорын базасында практикалық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Бұл кәсіби қызметке даярланудың маңызды кезеңі болып табылады.

Келісімді іске асыру білікті гидрометеоролог мамандарды даярлаудағы маңызды қадам болып саналады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз