«Қазгидромет» РМК мен «Eco Engineering» ЖШС экологиялық мониторинг саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

IconЖарияланды 22.04.2026

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен «Eco Engineering» ЖШС қоршаған ортаға экологиялық мониторинг жүргізу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжат тараптардың атмосфералық ауаны мониторингтеу саласындағы өзара іс-қимылды дамыту, сондай-ақ заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге және кәсіби тәжірибе алмасуға жәрдемдесу ниеттерін бекітеді.

Меморандум аясында тараптар өзара қызығушылық тудыратын кең ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Олардың қатарында ақпарат алмасу, озық тәсілдер мен технологияларды талқылау, сондай-ақ атмосфералық ауаның сапасын мониторингтеу тиімділігін арттыру мақсатында оларды практикалық қолдану мүмкіндіктерін зерделеу бар.

Меморандумға қол қою экологиялық мониторинг саласындағы өзара іс-қимылды нығайту және Қазақстан Республикасының қоршаған ортасын қорғау үшін инновациялық шешімдерді енгізу жолындағы маңызды қадам болды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз