Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Кезеңнің басында антициклон жотасы республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында жылы әрі ашық ауа райын сақтайды. Ал батыс және оңтүстік облыстар бұрынғыдай оңтүстік циклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.
19 және 21 мамырда Қызылорда мен Түркістан облыстарында, ал 19–21 мамыр аралығында Жамбыл облысында қатты жаңбыр күтіледі. Температуралық фон айтарлықтай өзгермейді. Ауа температурасы батыс пен оңтүстікте +27…+35 градусқа дейін, шығыста +20…+28 градусқа дейін көтеріледі.
20–21 мамыр күндері солтүстік циклонның әсерінен елдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Осы күндері қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады.
21 мамырда күндіз Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы +10…+18 градусқа дейін, ал елдің орталығында +15…+23 градусқа дейін төмендейді.