«Қазгидромет» РМК 2025 жылғы Қазақстан аумағындағы климат ерекшеліктері туралы шолу дайындады

IconЖарияланды 28.05.2026

«Қазгидромет» РМК 2025 жылғы Қазақстан аумағындағы климат ерекшеліктері туралы шолу дайындады. Шолуда климаттың жай-күйі мен өзгеруі, температуралық режим, жауын-шашын, қар жамылғысының жай-күйі, агроклиматтық жағдайлар, Каспий теңізі мен Балқаш көлінің жай-күйі, сондай-ақ экстремалды ауа райы және климаттық құбылыстар туралы деректер ұсынылған.

Шолу деректері бойынша 2025 жыл 1941 жылдан бергі бақылаулар кезеңіндегі Қазақстандағы ең жылы жыл ретінде тіркелді. Ел аумағы бойынша орташа ауа температурасының аномалиясы 1991–2020 жж. климаттық нормасына қатысты +2,11 °С құрады.

Шолу «Қазгидромет» РМК мемлекеттік бақылау желісінің деректері негізінде дайындалды. Шолудың толық нұсқасы кәсіпорынның ресми сайтында орналастырылған.

https://www.kazhydromet.kz/ru/klimat/obzor-ob-osobennostyah-klimata-na-territorii-kazahstana/2025

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз