«Қазгидромет» РМК Эколог күніне орай ұйымдастырылған «Қиял бұлттары» атты балалар шығармашылық байқауын өткізді

IconЖарияланды 01.06.2026


Байқаудың мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және табиғат құбылыстарына деген қызығушылығын арттыру. Байқауға кәсіпорын қызметкерлерінің балалары қатысып, бұлттар, жаңбыр, қар және басқа да табиғат құбылыстарына арналған жарқын әрі ерекше жұмыстарын ұсынды.

Жас қатысушылар қағаз, мақта, табиғи және басқа да материалдарды пайдалана отырып, өздерінің қиялы мен шеберлігін, шығармашылық көзқарасын көрсетті. Әрбір жұмыс өзіндік ерекшелігімен дараланып, балалардың қоршаған ортаға деген көзқарасын бейнеледі.

Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар дипломдармен және «Қазгидромет» РМК атынан естелік сыйлықтармен марапатталды.

«Қазгидромет» РМК байқауға белсенді қатысқан барлық балалар мен олардың ата-аналарына алғысын білдіреді және экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қызығушылық танытқандары үшін ризашылығын жеткізеді.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай барлық балаларға зор денсаулық, бақыт, жарқын әсерлер, жаңа жетістіктер мен армандарының орындалуын тілейміз. Әр күндеріңіз қуанышқа, мейірімге және шабытқа толы болсын!

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз