«Қазгидромет» РМК Эколог күнімен құттықтайды

IconЖарияланды 05.06.2026

5 маусым күні Қазақстанда Эколог күні атап өтіледі. Бұл – қоршаған ортаны қорғауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қызмет атқаратын мамандардың кәсіби мерекесі.

«Қазгидромет» РМК көптеген жылдар бойы қоршаған ортаның жай-күйіне мемлекеттік мониторинг жүргізіп, халықты, мемлекеттік органдар мен ұйымдарды атмосфералық ауаның сапасы, жерүсті суларының жағдайы және жалпы қоршаған ортаның жай-күйі туралы сенімді ақпаратпен қамтамасыз етіп келеді. Алынған деректер табиғатты қорғау және орнықты даму саласындағы маңызды шешімдерді қабылдауға негіз болады.

Осы мерекелі күні барлық экологтарға өз ісіне адалдығы, жоғары кәсібилігі және еліміздің табиғи байлығын сақтауға қосқан өлшеусіз үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Сіздерге зор денсаулық, амандық, кәсіби табыстар, экологиялық бастамаларды табысты жүзеге асыруды және қоршаған ортаны қорғау жолындағы игі істеріңізге толағай жетістіктер тілейміз!

Эколог күні құтты болсын! 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз