Қазгидромет 2026 жылға арналған күздік бидайдың өнімділігі бойынша нақтыланған болжамын жариялады

IconЖарияланды 15.06.2026

Есептік деректерге сәйкес, қалыптасқан агрометеорологиялық жағдай мен алдағы кезеңге арналған ауа райы болжамын ескере отырып, күздік бидайдың өнімділігі негізінен көпжылдық орташа көрсеткіштер деңгейінде күтіледі.
Алматы облысында өнімділік Іле ауданында 10,5–12,5 ц/га-дан Еңбекшіқазақ ауданында 22,8–24,8 ц/га-ға дейін болады деп болжануда.
Жамбыл облысында өнімділік Талас және Сарысу аудандарында 11,2–13,3 ц/га, ал Шу ауданында 15,8–17,8 ц/га деңгейінде күтіледі.
Жетісу облысында өнімділік Кербұлақ ауданында 15,8–17,8 ц/га-дан Талдықорған қаласында 21,3–23,3 ц/га-ға дейін болады деп болжануда.
Түркістан облысының Қазығұрт ауданында күздік бидай өнімділігі нормадан жоғары болып, 21,7–23,7 ц/га деңгейінде күтіледі. Облыстың қалған аумақтарында өнімділік көпжылдық орташа мәндер шегінде болады: Сарыағаш және Арыс аудандарында 11,7–13,8 ц/га-дан Мақтаарал ауданында 29,8–30,8 ц/га-ға дейін.
Оңтүстік өңірлер аудандары бойынша өнімділік болжамымен «Қазгидромет» РМК-ның ресми сайтында және фермерлерге арналған «AgroData» қосымшасында танысуға болады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз