Қазақстан бойынша 2026 жылғы 18-20 маусымға арналған ауа райы болжамы

IconЖарияланды 17.06.2026

Алдағы күндері ауа райына негізінен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі мен биіктік жырасының әсері ықпал етеді. Осыған байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Найзағаймен бірге өткінші жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Бұршақ жаууы, желдің күшеюі болжанады. 19-20 маусымда еліміздің батысында ауа температурасы 40-43 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Республиканың қалған аумағында ауа температурасының күрт өзгеруі күтілмейді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз