Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Республика аумағындағы ауа райын солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер айқындайтын болады. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі, желдің екпінді күшеюі және шаңды дауылдар күтіледі.
25 маусымда еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде, 25–26 маусымда шығысында, 26–27 маусымда батысы мен солтүстік-батысында қатты жаңбыр болжанады.
Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде аптап ыстықтың бәсеңдеуі күтіледі, күндізгі ауа температурасы +23...+28°С-қа дейін төмендейді.
Алайда Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлеріне Ашхабад маңынан құрғақ әрі жылы ауа массаларының келуі жалғасады. Соның әсерінен бұл өңірлерде ауа температурасы +33...+38°С шамасында сақталып, жекелеген аудандарда өте қатты ыстық +40...+42°С-қа дейін жетеді.