2026 жылғы 27–29 маусымға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы

IconЖарияланды 26.06.2026

Алдағы демалыс күндері белсенді циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп болжануда.

Күндізгі ауа температурасы республиканың батысы мен солтүстік-батысында +18...+26 °C-қа дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде аптап ыстықтың аздап бәсеңдеуі күтіліп, ауа температурасы +28...+38 °C аралығында болады. Солтүстік өңірлерде күндіз +22...+30 °C күтіледі.

Сонымен қатар, Қазақстанның шығысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында және орталық өңірлерінде ыстық ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы +33...+38 °C-қа дейін көтеріліп, жекелеген аудандарда өте қатты ыстық +40 °C-қа дейін жетеді деп болжануда.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз