2026 жылғы 30 маусым – 2 шілдеге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы

IconЖарияланды 29.06.2026

Алдағы күндері белсенді циклон мен оған байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жаууы, желдің екпінді күшеюі күтіледі. Республика бойынша қатты жаңбыр болжанады.

Күндізгі ауа температурасы батыс және солтүстік-батыс өңірлерде +18...+28 °C-қа дейін төмендейді, солтүстік өңірлерде +22...+30 °C болады. Оңтүстікте аптап ыстықтың аздап бәсеңдеуі күтіліп, ауа температурасы +23...+35 °C аралығында болады.

Ал Қазақстанның шығысында, солтүстік-шығысында және оңтүстік-шығысында ыстық ауа райы әлі де сақталады. Бұл өңірлерде күндіз ауа температурасы +30...+38 °C-қа дейін көтеріледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз