Қазгидромет мамандары автоматты метеостанцияларға техникалық қызмет көрсету бойынша оқытудан өтті

IconЖарияланды 30.06.2026

24–27 маусым аралығында «Қазгидромет» РМК-ның Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының базасында филиалдар мен Орталық аппарат мамандарына арналған оқыту семинары өтті. Оқытудың негізгі мақсаты – автоматты метеорологиялық станцияларды диагностикалау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру.

Оқытуға филиал мен Алматы қаласының салыстырып тексеру зертханасының қызметкерлерін қоса алғанда, барлығы 25 маман қатысты.

Төрт күн бойы қатысушылар жабдықтағы ақауларды анықтаудың заманауи тәсілдерін, автоматты метеорологиялық станцияларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу ерекшеліктерін меңгерді. Сонымен қатар практикалық сабақтар барысында олар автоматты метеостанцияларды пайдалану дағдыларын жетілдіріп, алған білімдерін іс жүзінде бекітті.

Осындай оқыту іс-шаралары мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға, автоматты метеорологиялық станцияларға техникалық қызмет көрсету сапасын жетілдіруге және олардың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге ықпал етеді. Бұл өз кезегінде метеорологиялық бақылаулардың дәлдігі мен жеделдігін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз