2026 жылғы шілде айына арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы

IconЖарияланды 01.07.2026

Консультативті болжамға сәйкес, шілде айының басында белсенді циклон мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы, екпінді желдің күшеюі мүмкін. Елдің оңтүстігінде, сондай-ақ Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында мол жауын-шашын күтіледі.

Айдың бірінші онкүндігінде күндізгі ауа температурасы жоғарылап, қатты және өте қатты ыстық болады:

еліміздің батысында +18…+27°С-тан +30…+38°С-қа дейін;
Маңғыстау облысында +22…+30°С-тан +35…+40°С-қа дейін, облыстың оңтүстігінде +43°С-қа дейін;
солтүстік-батыста +17…+25°С-тан +33…+40°С-қа дейін;
республиканың солтүстігінде +20…+28°С-тан +33…+38°С-қа дейін;
орталықта +23…+33°С-тан +32…+40°С-қа дейін;
оңтүстікте +25…+33°С-тан +37…+44°С-қа дейін;
еліміздің оңтүстік-шығысында +23…+28°С-тан +33…+42°С-қа дейін.

Павлодар облысында күндізгі ауа температурасы +28…+33°С-тан +20…+25°С-қа дейін құбылады.

Республиканың шығысында аптап ыстық біртіндеп бәсеңдеп, күндізгі ауа температурасы +30…+38°С-тан +25…+35°С-қа дейін төмендейді.

Жалпы, айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде тұрақты ыстық кезеңдер нөсерлі жаңбыр, найзағай, екпінді жел және шаңды дауыл болатын күндермен алмасады. Қазақстанның басым бөлігінде ең ыстық күндері күндіз ауа температурасы +33…+39°С-қа дейін, ал республиканың батысы мен оңтүстік жартысында +35…+45°С-қа дейін көтеріледі. Жекелеген күндері ауа температурасының төмендеуі болжанады: республиканың солтүстік жартысында күндіз +20…+28°С-қа дейін, ал оңтүстік жартысында +23…+33°С-қа дейін төмендейді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз