Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Қазақстанның солтүстік өңірлерін әбден титықтатқан аптап ыстықтан кейін аздап саябыр кезең күтіледі. Солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 15–16 шілде күндері еліміздің кейбір аудандарында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі, желдің екпіні күшеюі мүмкін. Сонымен қатар ауа температурасы төмендеп, күндізгі уақытта ауа температурасы жайлы 25–30°C шамасында болады.
Ал еліміздің оңтүстік өңірлерінде аптап ыстық сақталады. Өзбекстан аумағынан келетін құрғақ ауа массалары Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлеріне ықпалын жалғастырып, көбіне жауын-шашынсыз ыстық ауа райын қалыптастырады. Күндіз оңтүстікте ауа температурасы 40–45°C-қа, ал шығыста 33–38°C-қа дейін көтеріледі.