Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2026 жылғы 21-23 шілдеге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы
Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, жекелеген аудандарда қатты жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл болуы ықтимал.
Жауын-шашынмен ыстық біртіндеп бәсеңдейді: күндіз ауа температурасы Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысында +20+30°С, республиканың орталығы мен шығысында +22+35°С, тіпті оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде термометрлердің бағандары +27+35°С белгісіне дейін төмендейді. Тек еліміздің батысында Ираннан ыстық ауа массаларының келуіне байланысты +30+42°С жоғары температуралар сақталады.