Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Қазақстан бойынша 2026 жылғы 23-25 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Қазақстан аумағы арқылы жылжып өтетін солтүстік-батыс циклоны еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, жекелеген аудандарда қатты жаңбырдың жаууына және бұршақтың түсуіне себеп болады. Суық ауа массаларымен толығатын циклон жауын-шашынмен қатар ауа температурасының төмендеуіне де ықпал етеді. Сонымен қатар, Қазақстанның батыс өңірлеріне Иран аумағынан жылы әрі құрғақ ауа массалары келе бастайды. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы жоғарылайды. Күндізгі уақытта ауа температурасы 34–39°С қатты ыстыққа дейін, жекелеген аудандарда 40–44°С өте қатты ыстыққа дейін болжанады.