Қазақстан бойынша 2026 жылғы 30 шілде-01 тамызға ауа райы болжамы

IconЖарияланды 29.07.2026

Әлі де қатты ыстық

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен республика бойынша найзағаймен өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Тек Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында Иран аудандарынан құрғақ ауа массаларының әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерін қоспағанда, елдің басым бөлігінде ауа температурасы одан әрі біртіндеп көтеріледі. Батыс, солтүстік-батыс және солтүстікте қатты ыстықтан кейін 01 тамызда ауа температурасы күндіз 25-35 жылыға дейін төмендесе, орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста термометрлердің бағаналары 33-41 градус, оңтүстікте 35-44 градусқа жетеді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз