Қазақстан бойынша 2026 жылғы 4–6 тамызға арналған ауа райы болжамы

IconЖарияланды 03.08.2026

Аптап ыстық басылады

Алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер өтеді.

Суық ауа массаларымен толығатын циклон еліміздің көптеген өңірлеріне жаңбыр мен найзағай алып келеді. Солтүстік және орталық өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.

Жауын-шашынмен бірге ауа температурасының төмендеуі де күтіледі. Солтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы 22–27°С шамасында болады. Ал елдің шығысында аптап ыстық біртіндеп бәсеңдеп, ауа температурасы 33–38°С-тан жайлы 27–32°С-қа дейін төмендейді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз