ҚР ЭГТРМ министрі М.Мырзағалиевтің тапсырмасы бойынша AirKz мобильді қосымшасында Атырау қ. "АМӨЗ" ЖШС атмосфералық ауа сапасының төрт Автоматты станциясынан (Перетаска, Мирный, Пропарка және Химпоселок) деректер қолжетімді. Бұған дейін "Қазгидромет" РМК 2020 жылдың тамыз айынан бастап Атырау қаласының LED экрандарында "Қазгидромет"РМК бақылау желісінен атмосфералық ауаның жай-күйі туралы ақпаратты тарата бастағанын хабарлаған болатын. Енді "АМӨЗ" ЖШС 4 бекетінің деректері Атырау қаласының LED экрандарында көрсетіледі.
Атмосфералық ауаның сапасы туралы ақпаратты қазірдің өзінде Павлодар, Екібастұз, Петропавл, Ақтау, Орал, Қостанай, Талдықорған және Алматы қалаларының LED экрандарынан көруге болады.