«Қазгидромет» РМК-да атмосфералық ауаның мониторинг станциясы бойынша кездесу өтті

IconЖарияланды 04.08.2026

«Қазгидромет» РМК-да атмосфералық ауаның мониторингінің демонстрациялық станциясын орнату және тәжірибелік пайдалану жөніндегі пилоттық жоба аясында «LIHE TECHNOLOGY (KZ) CO., Ltd.» компаниясының техникалық мамандарымен кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – мамандарды атмосфералық ауаның мониторинг станцияларының жұмыс істеу қағидаттарымен, жабдыққа техникалық қызмет көрсету және оны диагностикалау ерекшеліктерімен таныстыру.

Аталған кездесу экологиялық мониторинг саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ ғылыми-техникалық өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз