Алдағы үш күн ішінде Қазақстанның батыс өңірлеріне солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер ететін болады. Олар солтүстік-шығыс бағытта жылжып, жаңбыр тудырады. Алдағы тәулікте батыста екпінді желмен, дауылмен қатты жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Республиканың қалған аумағындағы ауа райын антициклон анықтайды, онымен бірге құрғақ, салыстырмалы түрде ауа райы жылы болады деп күтіледі.