2026 жылға дәнді дақылдар егінін жинау жағдайлары болжамы

IconЖарияланды 17.08.2026

Қыркүйек айында республиканың негізгі астық егетін облыстарында қолайлы метеорологиялық жағдайлар мен жауын-шашын кезеңдері ауысып отыратын тұрақсыз ауа райы күтіледі, бұл астықтың пісіп-жетілу процестеріне және жекелеген өңірлерде егін жинау жұмыстарын жүргізуге әр түрлі әсер етуі мүмкін.

Елдің батысында айдың басында ауа температурасының жоғарылауы, кей жерлерде жауын-шашын болады деп болжануда. Айдың екінші онкүндігінде ауа температурасының біртіндеп төмендеуімен бірге жауын-шашын күтіледі. Айдың соңында ауа температурасының төмендеуі болжанады, көбінесе жауын-шашынсыз, бұл егін жинауға мүмкіндік береді.

Елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында айдың басында ауа температурасының төмендеуі және жауын-шашын күтіледі. Күндізгі уақытта ауа температурасының төмендеуі мен жоғарылау кезеңдерінің ауысуы болжанады. Жалпы, мұндай ауа-райы жағдайлары егін жинау жұмыстарын жүргізуді қиындатуы мүмкін, әсіресе айдың екінші жартысында.

Болжам «Қазгидромет» РМК ресми сайтында, сондай-ақ www.agrodata.kz қосымшасында жарияланған.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз