Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
24 тамызда «Қазгидромет» РМК-ға Германия Федеративтік Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы келді.
Сапар барысында Германия делегациясы «Қазгидрометтің» жұмысымен және кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттарымен танысты. Қонақтарға гидрометеорологиялық бақылау жүйесі, болжамдар дайындау, сондай-ақ ауа райы мен табиғи құбылыстарды мониторингтеу жұмыстары туралы ақпарат берілді.
Германия Қорғаныс министрлігінің өкілдері «Қазгидрометтің» зертханасына барып, мамандардың жұмысымен және пайдаланылатын заманауи жабдықтармен танысты. Сондай-ақ делегация Гидрометорталықта болып, мамандардың ауа райын бақылауды ұйымдастыру, алынған деректерді талдау және гидрометеорологиялық болжамдар дайындау жұмыстары туралы білді.
Кездесу барысында тараптар гидрометеорология саласында тәжірибе және ақпарат алмасуды одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.