Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Үсік күтіледі
Жаздың соңғы күндерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, бұршақ күтіледі. Кезеңнің соңына қарай еліміздің солтүстігі мен шығысында түнгі уақытта жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болжанады.
29 тамызда Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарында, 30–31 тамызда Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр күтіледі.
Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста түнде және таңертең тұман күтіледі.
Еліміздің батысында күндіз ауа температурасы 18–23°-тан 25–30°-қа дейін көтеріледі. Маңғыстау облысында айтарлықтай өзгеріс болмайды: күндізгі температура 25–35° шамасында сақталады.
Солтүстік-батыста, солтүстікте және еліміздің орталығында ауа температурасының төмендеуі күтіледі: түнде 10–15°-тан 0–5°-қа дейін төмендейді. Кезең соңында кей жерлерде 3°-қа дейін үсік күтіледі. Күндізгі температура 15–25°-тан 10–15°-қа дейін төмендейді.
Еліміздің шығысында да ауа температурасы төмендейді. Түнде 10–15°-тан 5–10°-қа дейін, күндіз 25–35°-тан 15–25°-қа дейін төмендейді.
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнде 10–20°, күндіз 25–35° жылы болады.