Қазақстан бойынша 2026 жылғы 5–7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

IconЖарияланды 04.09.2026

Құрғақ әрі жылы ауа райы

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық қысымы жоғары аймақтың ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы негізінен құрғақ, бұлтсыз және жауын-шашынсыз болады.

Елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде найзағаймен қатар қысқа мерзімді жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін.

Елдің басым бөлігінде жаздағыдай жылы күндер күтіледі. Алайда шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі ауа температурасы салқын болады.

Ауа температурасы күндіз:

  • батыста, солтүстікте, орталықта +25…+33°С;
  • шығыста +20…+25°С;
  • оңтүстікте +28…+37°С;
  • оңтүстік-шығыста +20…+30°С, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда +10…+20°С.
Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз