2026 жылғы 8–10 қыркүйекке арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы

IconЖарияланды 07.09.2026

Қазақстанның батысында жаңбыр жауады

Алдағы күндері Қазақстанның батыс өңірлеріне орталығы Самара қаласының үстінде орналасқан циклон әсер етеді. Циклон жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, ауа температурасының төмендеуіне себеп болады.

Республиканың қалған аумағында жаздағыдай жылы ауа райы сақталады. Елдің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Тек еліміздің шығысында антициклонның жотасы әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады.

Батыс өңірлерде ауа температурасының түнде +12…+21°С-тан +7…+16°С-қа дейін, күндіз +15…+25°С-тан +13…+23°С-қа дейін төмендеуі күтіледі.

Солтүстік-батыста түнгі температура +13…+20°С-тан +5…+15°С-қа дейін, күндіз +20…+30°С-тан +15…+25°С-қа дейін төмендейді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз