Көрнекті ғалым-гидролог Игорь Михайлович Мальковский дүниеден өтті

IconЖарияланды 07.09.2026

«Қазгидромет» РМК ұжымы 2026 жылғы 7 қыркүйекте 90 жасқа қараған шағында көрнекті ғалым-гидролог, география ғылымдарының докторы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының және Экология, адам қауіпсіздігі және табиғат ғылымдары халықаралық академиясының академигі, Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының екі дүркін лауреаты Игорь Михайлович Мальковскийдің қайтыс болғанын зор өкінішпен хабарлайды.

Игорь Михайлович ұзақ жылдар бойы ғылымға және Қазақстанның су ресурстарын зерттеуге зор үлес қосты. Оның ғылыми зерттеулері отандық гидрология ғылымының дамуына, су нысандарын зерттеуге және су қауіпсіздігі мәселелерін зерделеуге елеулі үлес қосты.

«Қазгидромет» РМК ұжымы Игорь Михайловичтің туған-туыстары мен жақындарына, әріптестері мен шәкірттеріне, сондай-ақ оны жақсы білген барша азаматтарға қайғырып көңіл айтады.

Игорь Михайлович Мальковскийдің жарқын бейнесі әріптестері, шәкірттері мен ғылыми ізбасарларының жүрегінде мәңгі сақталады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз