Орталық Азияның гидрометеорологиялық қызметтері CAFIMET жобасын талқылады

IconЖарияланды 11.09.2026

10–11 қыркүйек күндері Қырғызстанда Фин метеорологиялық институты ұйымдастырған, «Баршаға арналған ерте ескертулер» бастамасы аясындағы өңірлік ынтымақтастыққа арналған семинар өтуде.

Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның гидрометеорологиялық қызметтерінің өкілдері қатысуда.

Кездесу барысында қатысушылар Орталық Азия елдерінің метеорологиялық қамтамасыз ету саласын дамытудағы негізгі қажеттіліктерін талқылап, Финляндияның Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен іске асыру жоспарланып отырған CAFIMET халықаралық өңірлік жобасының негізгі бағыттарын таныстырды.

Жоба ауа райы, климат және ауа сапасы салаларындағы ұлттық және өңірлік мүмкіндіктерді нығайтуға, ерте ескерту жүйелерін дамытуға, бақылау, болжау және деректер алмасу жүйелерін жетілдіруге бағытталған.

Семинар аясында Орталық Азия елдерінің гидрометеорологиялық қызметтері мен Фин метеорологиялық институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум жобасы да талқыланды. Құжат ынтымақтастықты дамыту, бірлескен жұмысты үйлестіру және CAFIMET жобасын іске асыруға қолдау көрсетуді көздейді.

Кездесу қорытындысы бойынша «Қазгидромет» РМК және Орталық Азия елдерінің ұлттық гидрометеорологиялық қызметтері Кездесу хаттамасына қол қойды. Құжатта қол жеткізілген уағдаластықтар және жобаны дайындау мен іске асыру бойынша алдағы қадамдар көрсетілген.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз